18.01.2024, 14:45
Оқылды: 23

Депутат есеп берді

Жаңақала ауданына қарасты Көпжасар ауылдық округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Азамат Ерсұлтанұлы 2023 жылғы атқарылған істер жөнінде есеп беріп, ауыл тұрғындарымен кездесу жиналысын өткізді.

f3a7c7f6-1d48-42a8-ae12-db3756ea12cc

Жиын барысында Жаңақала аудандық мәслихат аппаратының басшысы Алтынбек Шыңғысханұлы қатысып, аудандық мәслихат депутаттарының атқаратын қызметтері мен жүктелетін міндеттерімен таныстырып, олардың орындалуын түсіндірді.

c709979b-5b98-400b-ab96-e426701748e4

Жиналысқа жиылған ауыл тұрғындары өзекті мәселелердің басын қозғап, шешімі табылмай жүрген сұрақтар бойынша ұсыныстарын білдірді.

Атап өтер болсақ, ауылішілік жолдардың жанында орналасуы керек жол белгілері мен жаяу жүргіншілер жолы, қоқыс төгу орындарының тазалығы мен жаңартылып қоршалуы, ауыл тұрғындарының басты мәселелерінің бірі – қанғыбас иттерді атыру және жұмыссыздықпен күрес.

Азамат Ерсұлтанұлы көтерілген сұрақтар бойынша жұмыстанып, жауапты органдарға жолдайтынын, мәселелер жауапсыз қалмайтынын тілге тиек етті. Есеп беру жиналысынан кейін ауыл тұрғындары депутаттың алдағы атқаратын жұмысына сәттілік тілеп, көптеген түйткілді сауалдың шешемін табатынына сенім білдірді.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале