30.03.2023, 21:10
Оқылды: 45

«Депутат мәселенің шешу жолдарын да ұсынуы керек»

Жаңадан сайланған Бәйтерек аудандық мәслихаты депутаттарына арнайы куәлік пен төс белгілер табысталды.

WhatsApp Image 2023-03-30 at 18.14.46

Жиында сөз алған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов 19 наурызда өткен сайлаудың нәтижесі бойынша аудандық мәслихатқа 13 депутат сайланғанын айтты. Олар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ағымдағы жылдың 27 наурызындағы №3 қаулысымен VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаттары болып тіркелді. 13 депутаттың 10-ы «Аманат», қалғаны, яғни бір-бірден «Ауыл», «Ақжол» және «Республика» партияларының мүшелері.

WhatsApp Image 2023-03-30 at 18.14.44

WhatsApp Image 2023-03-30 at 18.14.45

-Құрметті әріптестер, сіздерді халық қалаулысы атануларыңызбен құттықтаймын. Депутаттық жұмыс оңай емес. Қазір бұрғындай тек сессия болған кезде ғана келіп, бір көрініп кету деген жоқ. Аудан аумағындағы 68 елді мекенді аралап, тұрғындармен кездесіп, жерлікті жерде орын алған мәселелерді өзектілігіне байланысты барынша сапалы шешуге атсалысу керек болады. Бізге, яғни атқарушы билік құрылымдарына тек мәселені айтып қана қоймай, оларды шешу жолдарын да ұсынуларыңызды сұраймын. Біз үшін сіздердің қай партияның өкілдері болғаныңыз емес, бірінші кезекте іскерліктеріңіз, ауылдағы тұрғындармен тілтабыса жұмыс істей білулеріңіз маңызды. Сізгерге денсаулық, сабырлық, ел-жұрттың артқан сенімін ақтауыңызды тілеймін, - деді аудан әкімі Марат Тоқжанов.

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале