8.04.2023, 16:54
Оқылды: 517

Домбырашылар байқауы

Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай Қали Жантілеуов атындағы саз мектебінде аудандық домбырашылар байқауы өтті.

IMG-20230408-WA0064

IMG-20230408-WA0069

IMG-20230408-WA0070

IMG-20230408-WA0073

IMG-20230408-WA0074

Кешті Құрманғазының "Адай" күйімен саз мектебінің домбырашылар ансамблі ашты.  Байқауда жас ерекшеліктеріне  байланысты кіші топ, орта топ, ең үлкен топқа қарай Құрманғазының күйлерін орындап, өнерлерін көрсетті. Оқушылар бірінен бірі оза шапқан жүйріктер секілді домбыраларына жан бітіргендей әдемі күйлерімен жарыса кетті. Кеш өте қызықты әрі тартымды болды. Байқаудың қорытындысы бойынша Гүлбар Шуақбаева  жетекшілік еткен кіші топ пен орта топ 1-орынға ие болды. Үлкен топтан Амангүл Сисенова жетекшілік еткен ансамбль 1-орынға ие болды. Сайыс соңы сыйлықтар табыстау, естелік суретке түсумен қорытындыланды.

 

Аруғаным Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале