1.09.2020, 10:06
Оқылды: 114

Дөңгелек сордың маңайын таза ұстайық

Өзім Ақтөбе қаласында тұрамын. Ауылмен байланысып, барып-кетіп тұрамыз. Айтайын дегенім, Жетікөлде «Сырым елі» газетінің оқырмандары өте көп. Басылым бетінен ауыл тағдыры үшін маңызды, халық үшін өзекті материалдар жиі көрінеді. Ал мені мына мәселе алаңдатты.

Dongelek sor (3)

Жетікөлде Дөңгелек сор деп аталатын емдік тұзды көл бар. Бала кезімізде айналасы таза еді. Сәті түсіп, биыл сол тұзға бардық. Өз көзіме өзім сенбедім. Көлшіктің айналасы толған әйнек. Тұздың іші де әбден бүлінген. Ана жер мына жерде ербиіп тұрған ағаштар. Олар құлап, біртіндеп саздың астында қалып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, Дөңгелек сор сорлап тұр.

Dongelek sor (1)

Жыл сайын қаншама адам ем алу үшін сол сазды балшықтың тұзына түседі. Ем алуға жастар емес, көбіне егде кісілер келеді. Саздағы әйнек, ағаш солардың аяғына кіріп кетсе, обал емес пе?

Барып демалған жерімізді кетерде тап-тұйнақтай қылып жинап кетелік. Өзіміз қолымыздан келгенше сордың маңын тазалағандай болдық. Басқалардан да соны сұраймын. Жетікөл ауылдық округінің әкімі ескертпе тақтай ілсе де артық етпейді. Емдік қасиеті бар тұзымызды, тамаша табиғатымызды таза ұстап, қорғағанға не жетсін?

Анар Қыдыралина,

Ақтөбе қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале