4.02.2025, 11:15
Оқылды: 139

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған шаралар жалғасуда 

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Ұзынкөл ауылының мәдениет үйінде округтің жастары мен сайлау жүйесінің ардагерлері арасында кездесу өтті.

image-04-02-25-09-55-3

Кездесуге Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Хаирлиев пен орынбасары Алтай Бақтығалиев қатысты.

image-04-02-25-09-55-2

Кездесу барысында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Ғиниятұлы жиналғандарға сайлау науқанының ерекшеліктерін таныстырып, қазіргі сайлау жүйесіндегі оң өзгерістер жөнінде хабардар етті.

image-04-02-25-09-55-1

Содан соң кездесуге келген сайлау жүйесінің ардагерлері Нұрлан Кәрімғалиев пен Махамбет Нысанбаевқа сөз берілді. Олар өз кезегінде комиссия құрамында болған жылдарын еске алып, кез келген сайлау науқанына белсенділікпен қатысуға шақырды.

Жиын барысында Ж.Хаирлиев  мемлекетті өркендетуде, саяси процестерді жүргізуде жастардың белсенділігі маңызды екенін де жеткізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

image-04-02-25-09-55

Кездесудің соңында Ж.Хаирлиев сайлау жүйесінің ардагері Нұрлан Рахманұлына Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламановтың алғысхатын табыс етті.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале