21.04.2025, 20:00
Оқылды: 107

Экологиялық акция Бөрлі ауданында да жалғасын тапты

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 21 сәуір республика бойынша ағаш отырғызу күні болып жарияланды. «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» Бөрлі ауданында да 80 түп ағаш отырғызылды.

Таза Қазақстан (3)

Аталған шараға аудан басшысы Еркебұлан Ихсанов және Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықов, бөлім басшылары, аудандық мәслихат төрағасы Қайрат Ермекбаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер мен қоғам белсенділері қатысты.
Экологиялық акция шеңберінде биылғы жылы Ақсай қаласында Наурыз мерекесінен бастап санитарлық-тазалық айлығы жарияланып, аптасына бірнеше рет сенбіліктер өткізіліп тұрады. Сенбіліктерге қаламыздың барлық мемлекеттік мекемелері, бизнес нысандары, ұйымдар, қаламызда орналасқан КПО б.в. компаниясы және олардың мердігерлері белсенді қатысады.

Таза Қазақстан (4)
- Былтыр Мемлекет басшысының бастамасымен еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алып, биыл да аталған акция жалғасуда. Акция аясында елді-мекендерді көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың айналасына ағаштар отырғызудамыз. Былтыр Ақсай қаласының Батыс көшесіне шағын балалар ойнайтын алаң салынған болатын. Бұл алаңды салуды былтыр Алтын белгі иегерлерімен кездескен кезде бір түлегіміз ұсынған болатын. Түлегіміз аталған көшеде халық серуендейтін, кішкентай балалар ойнайтын, ересектер спортпен шұғылданатын жер болса деп өз ұсынысын тастады. Әр тұрғын үй, кәсіпорын, мемлекеттік немесе әлеуметтік нысанның айналасы абаттандырылып, жұмыстар жалғаса берсе, біздің ауданымыздың әр елді-мекені, көшесі көркейе беретініне сенім мол, - дейді аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов.
Акция асында қаламыздың Батыс көшесіндегі тынымбаққа 80 түп гледичия талдары отырғызылды. Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықов алдағы уақытта осындай ағаш отырғызу акциялары қаламыздың орталығындағы «Жастар» саябағында және 10-ықшамауданында жоспар бойынша қаламызға аққайың, гледичия, ирга ағаштарының отырғызылатынын айтты.
Атап өткеніміздей «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлының бекіткен жоспары бойынша ауданымызда сенбіліктер әрдайым өткізіліп тұрады. Осы уақытқа дейін өткізілген сенбіліктер бойынша акцияға 2272 адам, 48 бірлік техника жұмылдырылған. Ауданымыздан 366 тонна қоқыс шығарылған.

Таза Қазақстан (2)
Ақсай қаласы әкімдігінің бастамасымен қаламызда орналасқан көптеген кәсіпорындар да өздеріне бекітілген аймақтарда сенбілік ұйымдастырып, акция аясында жұмыстануда. Атап айтсақ, «АСМ», «Тегра Казахстан», «Сырласу», «Азотный завод», «Сичим», «Новотэк», «KazCargo Express», «АксайГазСервис» ЖШС және тағы да басқа көптеген компаниялар аталған санитарлық-тазалық айлығына белсенді қатысуда. Олар қураған ағаштарды кесу, әктеу жұмыстарын жасап, қоқыстарды жинауда.

Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале