1.09.2023, 20:13
Оқылды: 59

Экономикалық тәуелсіздік – нағыз тәуелсіздік 

Бүгін ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Жолдауын тыңдадық.​

PHOTO-2023-09-01-17-45-49

Қазақстанның ең қымбат қазынасы – Тәуелсіздігі. Президент биылғы жолдауында экономикалық тәуелсіздіктің - нағыз тәуелсіздік екенін айтты. Негізгі міндеттерді атап көрсетті.​

Бүгін ауылдағы шаруалардың мәселесі де Мемлекет басшынының жолдауында айтылды.​

- Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз,- деді Елбасы.

Осы секілді “Ел ішінде “Қазақстанда жасалған!” отандық өнімдерді пайдалану керек!” - деп үндеу тастады.​

Иә, ауыл шаруашылығының әлеуеті зор. Бірақ, осы отандық өнім мәселесі көп жерде құлашымызды жаздырмай тұр.

Мал ұстағасын, ет өндіреміз. Батыс Қазақстан өңіріне Ресейден де мал еті келеді. Ол біздің өнімге бәсеке тудырады, бағасына әсер етеді. Ал, Президент отандық өнімді қолдауға шақыруда. Осы тапсырма орындалар ма екен?!

Пішен науқанында трактор мен агрегаттарға қосалқы бөлшектер, май-су сатып аламыз. Бөлшектер де Ресейден келеді. Шөп буатын жіптің Қазақстанда шығатын түрі де бар. Сапасыз. Демек, өз өнімімізді қалай болса солай емес, сапалы жасасақ екен.

Қасым-Жомарт Кемелұлы:

- Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек, - дейді.

Иә, елді еңбекке құлшындыру қажет. Ырду-дырду, жиын-тойдың заманы өтті. Жаңа Қазақстанды ақыл-ой иелері мен еңбек адамдары жасайды деп ойлаймын.​

Ербол Бекжанов,

Сырым аудандық мәслихатының депутаты,​

“Өрлеу” шаруа қожалығының басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале