23.04.2018, 10:14
Оқылды: 101

Экспедиция мүшелері Ұзақ баба рухына құран бағыштады

31224942_2037159699938855_7423505703098526413_nӨнердің құты дарыған Қаратөбе ауданынан бастау алған экспедиция мүшелері алдымен Аққозы ауылдық округінің Ақтұлым жерінде бой көтерген күй атасы Құрманғазы бабамыздың ұстазы Ұзақ Мырзабайұлының кесенесіне барып, аруақты бабаның рухына құран бағыштады.

«Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» жобасының басты мақсаты - міндеттерін жұртшылыққа үлкен тебіреніспен жеткізген облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов экспедиция жұмысына табыс, сəттілік тіледі.

Одан соң ардагер журналист Тихон Əліпқали, ақын Дариға Мұштанова, Ұзақ бабамыздың ұрпағы Айжан Қазбаева сөз алып, бабалар мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау, қасиетті домбыраны қадір тұту турасында ой өрбітті.
Кесене айналасына шараға қатысушы меймандар 20 түп жас көшет отырғызды.

Ұзақ – бұрынғы Бөкей хандығына (қазіргі Атырау, Орал-Жайық алқабына атағы жайылған дүлдүл күйші. Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбаевтың ұстазы. Күйшінің өмірі жайлы деректер өте аз. Өмір сүрген кезеңімен алғанда ХVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысына келеді, - деп атап көрсеткен Ахмет Жұбанов өз еңбегінде.

31154264_2037159753272183_4165344417549901175_nҰзақ Мырзабайұлы – бұрынғы Бөкей хандығына атағы жайылған дүлдүл күйші, төкпе күйлердің орындалу мәнерінің негізін қалаушылардың бірі. Тегі – Барамықтың Сырлыбайы. Ұзақтың зираты Қаратөбе ауданының Аққозы ауылдық округі аумағындағы «Ақтұлым» қорымында.
Ұзақ күйші Сағырбайдың үйінде қонақта болғанда кішкене Құрман (оның шешесі еркелетіп Құрман дейтін) 13-14 жас шамасында болса керек.
Ұзақ жөнінде А.Жұбанов: Хан-Базарда (Орданы бір кезде солай атайтын. А.Ж.) болып тұратын домбыра тартыстың қызу ортасында жүретін, Бөкей хандығына атағы жайылған Ұзақ атты күйші болды. Өзінің туып-өскен жері Жайық өзенінің шығыс жақ беті болғанымен, домбырашылық дәстүрде Ұзақ Бөкейлік жағына бейім болды (Өзі Алатауда туғанымен әншілік сүтін Көкшетау дәстүрінен еміп ауызданған Балуан Шолақ сияқты А.Ж.). Өмір тәжірибесі де, көрген-білгені де көп Ұзақ қайда жүрсе де қадірлі, сыйлы қонақ болды. Өзі күй шығаруды машық етпегеннен бе, Ұзақтың атымен байланысты күй бізге бірен-саран болып қана жетіп жүр. Бірақ өзінің аса қабілетті орындаушылығы және сол өңірдің күй қорының көпшілігін меңгергені арқасында Ұзақ күй жарысында жүлдені басқаларға бере қоймайтын» делінген.

 Ертай БИМҰХАНОВ,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале