15.11.2023, 18:00
Оқылды: 17

Ел болып көпбалалы анаға үй алып берді

Өздеріңізге мәлім қыркүйек айының 21-інде Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылында тұрғын үй өртке оранып, айдың күні аманында тұтас бір отбасы баспанасыз ғана емес, киім-кешексіз, құжатсыз далада қалып еді.

IMG-20231115-WA0156

Күл-талқаны шыққан үйдің иесі жалғызбасты көпбалалы ана Ақтолқын Зайноллинаға бөрліліктер ғана емес, аудан жұрты бір кісідей жұмылып, көмек қолын созуға тырысты. Қайырымдылықтың үлкен-кішісі болмайды дегендей, қиындыққа тап болған жанұяға мәметовалық өрендер мен ұстаздары да өз септіктерін тигізуге ниет қылып жәрмеңке өткізіп еді.

IMG-20231115-WA0162

Аудан әкімдігі тарапынан да мұқтаж отбасына көмек көрсету шаралары ұйымдастырылып, күні кеше аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов бастаған топ баспанаға қажетті дүниені арнайы барып табыстады.

IMG-20231115-WA0153

– Сайқын ауылының тұрғындарының атынан жиһаз, газ плитасы, теледидар, кір жуғыш машина, ыдыс аяқ, тағы басқа да тұрмыстық қажетті тауарларды игілігіңізге ұстаңыз. Қайырымдылық дегеніміз – өзіңдегі бар жақсылықты өзгемен шынайы әрі риясыз көңілмен бөлісе алу деп ойлаймын. Ол материалдық немесе моральдық тұрғыда болсын, бастысы шын ниетпен жасалынған әрбір қайырлы амалды қайырымдылық деп білеміз. Қайырымдылық жасау – әрбір адамның адами парызы, – деді.

IMG-20231115-WA0154
Өз кезегінде Ақтолқын Зайноллина жоғын түгендеп, көмек қолын созған ағайынға ризашылығын білдіріп, жасаған жақсылықтары жүз есе қайтып, бақытты ғұмыр кеше бергей деп ақжарма лебізін жеткізді.

IMG-20231115-WA0160

Нұрай Таубай,

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20231115-WA0155 IMG-20231115-WA0152

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале