4.08.2022, 10:45
Оқылды: 47

Ел чемпионы атанды

Жуырда Алматы қаласының «АDD» үстел теннисі орталығында 2009 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

спорт (1)

Чемпионатта Батыс Қазақстан облысының құрамында өнер көрсеткен Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Даниял Жұматов, жарыстың алғашқы күні командалық сайыста командаластырмен бірге Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

спорт (2)

Сонымен қатар Даниял жұптық сайыста қола жүлдеге ие болды. Спортшыны жаттықтырған Айдос Нұрбаев.

Лаура Қайратқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале