5.05.2026, 20:13
Оқылды: 11

Ел қорғаны – Отан қорғаушылар

Бүгін «Дән» ауылдық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел қорғаны – Отан қорғаушылар» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Шараның басты мақсаты – жастарға Отан қорғаушылар күні туралы кеңінен түсінік беру, елін, жерін сүюге баулу, батыр бабалар рухын құрметтеуге тәрбиелеу және ҚазақстанРеспубликасының Қарулы Күштеріне деген құрмет сезімінарттыру болды.

image-05-05-26-06-32

Салтанатты жиын Қазақстан РеспубликасыныңӘнұранымен басталып, қатысушыларға ерекше рух сыйлады. Айта кету керек, 7 мамыр – еліміздің қорғанысқабілетін нығайту жолында қызмет етіп жүрген барлықәскери қызметкерлер мен азаматтарға құрмет көрсетілетінмаңызды күн. 1992 жылдың дәл осы күні ҚазақстанРеспубликасының Қарулы Күштері құрылып, бұл дата ел тарихында айрықша орын алды.

Кездесу кешіне ел тыныштығы мен қауіпсіздігінқамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген арнайықонақтар қатысты. Атап айтқанда, Шыңғырлау ауданыныңқорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Файзулла Байдуллаұлы Серипов, шекара қызметкерлері Бек Асаубаев, Әлішер Амиров, Нариман Габдулкаким жәнежақында Қарағанды қаласынан әскери борышын өтепкелген жас сарбаз Руслан Батталов келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кеш барысында кітапханашылар Сандуғаш Жупиева мен Жанар Истелева қатысушыларға танымдық сұрақтар қойып, Тәуелсіз Қазақстанның әскери қуатын, ерлік пен елдіктідәріптейтін мазмұнды көрсетілім ұсынды.

Подполковник Файзулла Байдуллаұлы өз сөзінде:«Отанқорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Елін сүйген ерғана туған жерінің амандығы үшін аянбай еңбек етеді. Отан қорғаушы болу тек қолыңа қару алу емес, ол – туғанжеріңді сүю, халқыңа адал қызмет ету, елдің тыныштығын сақтау», – деп атап өтті.

Сондай-ақ, көп жылдан бері шекара қызметінде абыройлыеңбек етіп жүрген Бек Бекетұлы да өз ойымен бөлісіп, Отанды сүю, елді қорғау, туған жерді қадірлеу – әразаматтың қасиетті парызы екенін жеткізді. Ол білімді, саналы ұрпақ қана ел болашағының сенімді қорғаны бола алатынына  ерекше тоқталды.

Кездесу барысында патриоттық әндер шырқалып, арнайыкітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме арқылықатысушылар ел тарихы, батырлар ерлігі және әскеритақырыптағы әдебиеттермен танысты.

Шара соңында ұйымдастырушылар ел тыныштығы – еңүлкен байлық екенін атап өтіп, бейбіт өмірдің қадірінтүсінуге шақырды. Шынында да, бүгінгі тыныш өміріміз Отан қорғаушылардың адал қызметінің нәтижесі.

Отан қорғаушылар күні – ел шебін күзетіп, халықтыңқауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген азаматтарғакөрсетілетін құрметтің айқын белгісі. Мұндай тағылымдыкездесулер жас ұрпақтың бойында патриоттық рухтықалыптастырып, елге деген сүйіспеншілікті арттыра түсетінісөзсіз.

Сара Шакрат

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале