28.12.2022, 11:15
Оқылды: 38

Ел ортасында жүру – міндетіміз!

Депутат болып сайланғасын сайлаушылармен тығыз байланыста болып, елдің жағдайымен, ауылдың тыныс-тіршілігімен жақын танысып, ауыл - аудандағы іс-шаралардың ортасында жүру – міндетіміз.

WhatsApp Image 2022-12-28 at 11.05.30

 

 

Ауылды көркейту – оның тазалығын сақтаудан басталады. Биыл "Бірге - Таза Қазақстан!" акциясы аясында Сырым ауданы Тоғанас ауылында өткен экологиялық акцияға атсалыстық.

Қайырымдылық айлығы аясында ауыл үлкендеріне, соның ішінде мешіт жамағатына дастарқан жайылды. Берекелі дастархан басында ел амандығы, бірлігі туралы сөз қозғалды. Елімізде өткен екі саяси науқанда да аудандық штаб мүшесі және Президентіміздің сенімді өкілі ретінде ел арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргіздік.

Жеке қабылдауыма келген сайлаушылар жергілікті маңызы бар мәселелерді көтеруде. Электр жарығы мен ауыларалық жолдардың жағдайы, сонымен қатар тұрақты жұмыс сұраушылар да болып тұрады. Өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, тиісті орындарға хаттар жолдап жұмыстанып келемін.

Халық игілігі үшін атқарған жұмыстардан атқарылатыны көп екенін ескере отырып, әлі де  еңбектене береміз дегім келеді.

Жасқайрат Кенжебаев,

аудандық мәслихат депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале