23.11.2018, 16:16
Оқылды: 53

Елбасы мақаласын талқылады

Таяуда ғана Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрген болатын. Осыған орай Зеленов аудандық тарихи-өлкетану музейінде Мемлекет басшысының мақаласын талқылаған жиын өтті.

 зеленов (1)

-Өз басым Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұған дейінгі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы деп білемін. Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы әр өңірде талқыланып, халық арасында кең қолдауға ие болды. Күні кешегі мақаласы да қазақстандықтар тарапынан қолдау табады деген ойдамын. Атқа міну мәдениеті туралы айтсам, бүгінге дейін қазақ жерінде түрлі тайпалар мекен етті. Міне солар жылқыны көлік ретінде пайдаланып келді.

         Сонымен қатар Алтын адам туралы ой да осы мақалаға арқау болған. Бүгінгі таңда ұлттық музейде орын алған алтын адам мүсіні алтыннан шынжыр секілді жасалған. Ал сол шынжырға мән берсек, аң бейнесі, түрлі геометриялық пішіндер мен ғаламшарлық кескіндерді көруге болады. Осыдан-ақ қазақ даласының бейнесін айқындауға болады, - деді аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қадырбай Абдушев.

         - «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала «Рухани жаңғырудың» жалғасы деп білемін. Өйткені аталған мақалада ата-баба дәстүрін жақсы жеткізе көрсетті. Мәселен, алтынды алайық. Біздің ата-бабаларымыз алтынды қалай қорытты, бұны әлем ғалымдары әлі де анықтай алмай келеді. Бұл әлі де болса, шешуді қажет ететін мәселелердің бірі. Мен аға буын өкілі ретінде айтсам, Президентіміздің мақаласы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде ата-баба дәстүрі мен олардың нені білгені туралы айту қажет деп ойлаймын, - деді Переметный ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Николай Анципрович.

         Айта кету керек, жиынға аға буын өкілдерімен қатар лауазымды тұлғалар, жастар белсенділері және оқушылар қатысты.

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале