17.05.2022, 15:45
Оқылды: 60

Елдің мәселесін бірігіп көтеру керек

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің Сарой ауылдық округіндегі  тұрғындармен кездесуі еркін түрдегі пікірлесу бағытында өтті.

F7072877-03B7-4B0F-98D8-C3FA307119A2

Жиналысқа  аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Медет Мырзаш, аудан прокуроры Нартай Байменов, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Кенжебек Қоспаев және аудан орталығындағы мекеме басшылары қатысты.

Ауылдық округтің әкімі Айбол Жакиев атқарылған жұмыстарға, алдағы міндеттерге кеңінен тоқталып, тұрғындарды хабардар етті. Әсіресе ауыл шаруашылығы кооперативінің жұмысын жандандыру, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға да нақты мысалдар келтіре баяндады.

Тұрғындар алдындағы кездесуде  аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық қоғамдық штабтың төрағасы Сыдық Тәжмұқан, ЖББ Абай орта мектебінін директоры Гүлмира Еркетілеуова  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен биылғы жылдың 5 маусым күні елімізде өткізілетін референдумның маңыздылығына тоқталып, ҚР Конституциясына еңгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың ерекшеліктері жөнінде өзіндік көзқарастарын, пікірлерін ортаға салды.

26850D26-4EF8-42A1-BC02-403CE13615B5

Шағырлыойдағы тұрғындармен кездесуді аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қорытындылады.

- Әр тоқсан сайын тұрғындармен өткізілетін кездесу еркін түрде, ашық деңгейде болуы қажет.  Бастысы жиындарда халық тарапынан қозғалған мәселе  орындалды ма? Міне, сол жағдайды осы кездесуде ашып айтқан жөн.

Президент Қ.Тоқаев 2025 жылға дейін елді мекендерді толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз ету, кірме жолдарды жөндеу жөнінде  тапсырма берген болатын. Бұл ең басты міндетіміз болмақ. Жұмыссыздық, ауыз су мәселесі жөнінде тұрғындар тарапынан орынды мәселелер қозғалуда. Әрине, мемлекет тарапынан беріліп отырған қайтарымсыз несиені орынды пайдалана білген жөн. Үкімет тарапынан берілген жеңілдік, көмекті қадеге асырып, жалқаулыққа, масылдыққа әуес болмау керек.

ҚР Конституциясына өзгерістер еңгізілуде. Әрине, бұрындары қателіктер де болғандығы аян. Енді  соны толықтырып, түзеге білуіміз  қажет. Бастысы халық арасында аңықтық, еркіндік болуға тиіс.

Арамызда бос, ерме сөз, күңгірттік деген мүлде болмауы тиіс. Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқын көрсетпекші. Сондықтан да саяси маңызы зор науқанға халық бола жұмыла қатысқанымыз абзал. Елдің мәселесін бірігіп көтеру керек, ағайын,- деді аудан басшысы.  Кездесу соңында билік өкілдері тұрғындарды жеке мәселерімен қабылдады.

Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале