6.06.2023, 14:31
Оқылды: 83

Еліне еңбегімен елеулі

  Осындай атаумен М.Есламғалиұлы атындағы аудандық кітапханада Құрметті жолшы, «Социалистік Еңбек Ері», «Еңбек Қызыл ту», «Ленин», «Алтын жұлдыз» ордендерінің иегері, Сырым ауданының «Құрметті азаматы» Уәлиахмет Шоқановқа арналған «Еліне еңбегімен елеулі» тақырыбындағы еске алу кеші өтті.

8

Шараға У.Шоқановтың туыстары, ұрпақтары, жұмыстастары, БҚО «ҚазАвтоЖол» мекемесіне қарасты №39 Жымпиты жол пайдалану бөлімшесінің қызметкерлері, ардагерлер, У. Шоқанов атындағы көше тұрғындары қатысты. Шара барысында інісі Санияхмет Шоқанов пен қызы Тұрсынгүл Шоқанова, ардагер Ғилаж Қаналиев сөз сөйлеп, өткен шақтарды еске алды. Дәстүрлі әнші, сазгер Армат Алдамжаровтың орындауында «Ағаларым» әні орындалды.

«Ер есімі ел есінде» тақырыбындағы кітап көрмесімен кітапханашы Айдана Тасболат таныстырды. Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уалиахметова кешті қорытындылады.

 

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале