Сырым ауданына қарасты Елтай ауылдық округіндегі №310 сайлау учаскесінде тұрғындар таңсәріден белсенділік танытып, дауыс беріп жатыр.

Күн ысымай тұрып өз таңдауын жасауға асыққан ауыл халқы саяси науқанға отбасыларымен келуде. Солардың бірі — сайлау учаскесіне алғашқылардың қатарында келген Шулеуовтар әулеті. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ел болашағына бейжай қарамай, бірге келіп дауыс берген ерлі-зайыптыларға ризашылық білдіріп, отбасыларына амандық пен береке тіледі.
Қоңдыкер Жеңісұлы,
Сырым ауданы