29.04.2026, 23:20
Оқылды: 6

Елжанды азаматтың еңбегіне құрмет

Таяуда Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-саяси дамуына елеулі үлес қосып жүрген белсенді азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында батысқазақстандықтар да аз емес. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев осынау марапатты табыстағандардың ішінде Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев те бар. Ол көпжылдық жемісті еңбегі мен мемлекеттік саясатты іске асырудағы белсенділігі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

image-29-04-26-08-08-10
Ерлан Ерсайынұлы – еңбек жолын ауыл мектебінде ұстаздықтан бастап, кейін педагогикалық қызметін облыс орталығындағы №41, №19 мектептерінде табысты жалғастырды
Мемлекеттік қызметтегі мансабы Орал қалалық білім және спорт бөлімінің бас маманы лауазымынан басталды. Содан бері ол мемлекеттік қызметтің әр сатысынан өтіп қалалық және облыстық деңгейдегі қатардағы маманнан бастап түрлі жауапты, басшылық лауазымдарды абыроймен атқарды. Олардың ішінде қала әкімінің орынбасары, облыстық тілдерді дамыту және қоғамдық даму басқармалары басшысы қызметтерін атап өтуге болады.
Жаңалыққа, игі бастамаға қашанда жаны құмар оның ұйытқы болуымен өңірдегі бірнеше маңызды әлеуметтік жобалар сәтті жүзеге асты. Мәселен, елімізде алғашқылардың бірі болып Орал қаласында «Отбасы орталығы» ашылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Тең қоғам» орталығы да Астана мен Алматыдан соң Оралда жұмысын бастады. Атаулы әлеуметтік көмек жүйесі мен пандемия кезіндегі халықты қолдау шаралары тиімді үйлестірілді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көрнекі ақпараттың сауаттылығын қадағалау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
2023 жылдан бастап Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметінде. Ерлан Ерсайынұлының жетекшілігімен Бәйтерек ауданының білім беру, қоғамдық даму, әлеуметтік-мәдени және спорт саласында қарқынды істер тұрақты жүзеге асырылып, өзіндік дамуы ерекше серпін алды. Бұлайша бірден нәтижелі іске түбегейлі бетбұрыс жасауына, біріншіден, өзінің жеке басына тән ізденімпаздық қасиеті мен іскерлігі себепші болды. Қала берді, Орал қаласында жұмыс жасаған уақытта елімізде әлеуметтік сала бойынша жаңа қолға алына бастаған ілкімді істердің белортасында болғаны үлкен рөл атқарып келеді. Яғни, теориялық біліктілік өмірдегі бай тәжірибеге ұштасып, осы екеуінің ортақ синтезі – өнімді жұмыс жасау дағдысы мен өндірістік кәсіби машық іске қосылды.
Өзінің лауазымдық міндеттерін орындауда үнемі жан-жақты талдауларға сүйеніп, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды оқып-зерделеуге айрықша көңіл бөлетінін айта кеткен жөн. Адалдыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, сапалы іске баса мән беретін ол өзін білікті басшы, жоғары деңгейдегі ұйымдастырушы ретінде танытып жүр.
Айта кетелік, Ерлан Ерсайынұлы бұған дейін «ҚР Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалдарымен және ҚР Президентінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

photo-output
Енді өңіріне «Ерен еңбегі үшін» медалін тағуы елжанды азаматтың мемлекетке адал қызметінің лайықты бағасы деп білеміз.

Қуаныш Қали
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале