1.03.2024, 17:58
Оқылды: 14

Еңбек ардагерін құттықтады

Тасқала ауданының әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда әріптестеріміздің қызметтерінің жемісі.

InShot_20240301_181132316

Осы орайда Алғыс айту күнінің қарсаңында жауапкершілігі мол, қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметті атқарып отырған әріптестеріміздің ата-аналары мен мемлекеттік қызметте көп жыл қызмет атқарған ардагер Жәрдемғали Абылғалиұлы аудан әкімінің және әдеп жөніндегі уәкілдің алғысына бөленді. Талғат Асқарұлы және Әсел Аруқызы кездесулерде мемлекеттік қызметті атқарудың маңыздылығына тоқталып, қызметшілердің ерекше мінсіз қызметтері мен жетістіктерін атап өтті.

Егемендіктің алғашқы жылдары ауданымыздың өсіп, өркендеуі жолында қызмет атқарған аға буын әрқашанда ерекше ілтипатқа ие. Олардың біліктілігі мен кәсібилігі бүгінгі жас қызметкерлер үшін үлгі-өнеге деп есептейміз. Ардагерлердің мінсіз қызметтері мен іске берілгендігінің мысалында ерекше орындаушылық тәртіп пен атқарушылық мәдениет қалыптасты. Бүгінгі күні ардагерлеріміз қоғамдық өмірдің белсенді мүшелері. Ұрпақтар сабақтастығына өз үлесін қосып жүрген Жәрдемғали Абылғалиұлы әрдайын құрметке лайықты тұлға.

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале