3.09.2021, 17:31
Оқылды: 41

Еңбекке ерте араласқан Саят

Адамды адам қылатынеңбек. Жастайынан еңбекке араласып, ауылына, ата-анасына қолғабыс боп жүрген жастарымызды көргенде жанымыз жігерленеді. Ниетінде жақсылық жасау, халыққа қолұшын созу деген адамгершілік қасиеті бар қазақы жастар қашанда елге қажет. Солардың қатарында қайыңдылық Саят Уразгалиев та бар.

45
Ол 2005 жылдың 3 шілде айында Қайыңды ауылында дүниеге келген. Қайыңды орта мектебінде 9-сыныпты аяқтап, 2020 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық колледжіне оқуға түскен. Ветеринария факультетінің ІІ курс студенті. 12 жасынан бастап техникаға деген қызығушылығы оянып, содан бері мотоцикл, жеңіл автокөліктері және трактор техникаларын жақсы меңгерген. Жазғы демалыс уақытында Саят әкесіне қолғабыс жасап, (Әкесі Ғиният Оразғалиұлы «Мерей» шаруа қожалығының жетекшісі) ауыл тұрғындарына мал азығын дайындауда.

46
Саят жалғыз өзі трактор 3 орағымен (косилка) шөп шауып күніне 80-100 бума шөп буып, дайындап, ауылға әкелуде. 1 бума шөптің бағасы – 4000тг.
Болашақта әкесінің ізін жалғап, ауыл шаруашылық техникаларын жөндеуші механизатор болу армандайды жас жігіт.
Көзінде қарапайым ауыл баласының өр мінезі, қайтпас қайраты көрінетін бауырымыздың бұл еңбегі бағалауға тұрарлық. Арманшыл жас қиялы ақиқатқа айналсын. Бізде осындай бала тәрбиелеп отырған ата-анасына алғысымызды білдіріп, сәттіліктер тілейміз!

 

Райымбек Саматов,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале