7.05.2022, 10:03
Оқылды: 99

«Ер—елдің қорғаны»

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Ер — елдің қорғаны» тақырыбында мерекелік кеш өтті. 

IMG-20220506-WA0134

Шара барысында Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев азаматтарды мерекемен құттықтап, бірқатар жандарды марапаттады.

IMG-20220506-WA0130

Айталық, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметшісі, жасақтау тобы бастығының міндетін атқарушы Артур Биканов, Госплемстанция жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери және технология пәнінің мұғалімі Қайырбек Байғалиев, Шаған жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери және технология  пәнінің мұғалімі Бекежан Дущанов,  БҚО Полиция департаменті Теректі аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Қанат Жақыбаев, «Контингент» ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аязбек Киндербаев, БҚО Полиция департаменті Теректі аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция лейтенанты Ахмет Кереев,  Ақжайық ауылдық округі полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы, аға лейтенанты Тілекқабыл Мүтиев, Жалғас Шоқан, ҚР Қарулы күштерінің ардагері Нұрлан Сатыбалдиевтер алғысқа кенелді.

IMG-20220506-WA0136

IMG-20220506-WA0137

Сонымен қатар әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеп келген Шыңғысхан Қайрекешов (Долин ауылы), Аян Сайфулла (Ақжайық ауылы), Нұрқат Хамзин (Подстепный ауылы) және әскер қатарына аттанғалы отырған Армат Бисенғалиев (Покатиловка ауылы) сынды жастарға да алғысхат табысталды.

IMG-20220506-WA0138

Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Қадырбек Бегманов та аудан азаматтарына жылы лебізін жеткізді.

- Отан қорғау абыройлы міндет. Сол міндетті қалтқысыз орындап жүрген әріптестеріме алғысымды білдіремін. Ұлы жеңістің 77 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толу мерекесімен құттықтаймын,- деді Қадырбек Төребекұлы.

IMG-20220506-WA0124

Марапаттау салтанаты одан әрі мәдениет үйі қызметкерлері дайындаған мерекелік кешке ұласты.

IMG-20220506-WA0126

Мәселен, Айбек Дәулетқалиев пен Кәмшат Қадырғалиева «Мәңгілік ел», Дәурен Жұмағалиев «Біздің елдің жігіттері», Сағидолла Ізделеев «Офицер мырзалар», Елжас Мағзом мен Ислам Мұрат «Сарбаздар», үлгілі «Өркен» вокал ансамблі мен Шайзада Елжанова «Туған ел» сынды әндерін шырқап, үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі бимен көркемдеді.

IMG-20220506-WA0125

Мерекелік концерт соңы орталық стадионда «Жас сарбаз» әскери-партиоттық ойындарға жалғасты.

IMG-20220506-WA0128

Білім беру бөлімі, мәдениет және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен бұл шара — арқан тартыс, кермеге тартылу, нысанаға дәлдеп ату, мылтықты шашу және жинау, эстафета секілді ойындардан тұрды.

IMG-20220506-WA0145

IMG-20220506-WA0139

Жарыс нәтежиесінде Госплемстанция жалпы орта білім беретін мектебі 1-орын, Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі 2-орынды иеленсе, Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 3-орыннан көрінді.

Балнұр Қуаны­шқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале