22.09.2021, 14:34
Оқылды: 42

Ерасыл – ел чемпионы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына қарасты жоғары Таинты аумағында жазғы (ормандағы) спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген  170-ке жуық спортшы қатысқан жарыста өңір намысын БҚО білім басқармасы ОБЖТжЭО-ның спорттық бағдарлау бөлімінің спортшылары қорғады.

 3

         Аталмыш байрақты додада облыс атынан барған бәйтеректік Ерасыл Серікұлы мен Майя Үмбетәлиева тамаша нәтиже көрсетті.

Алдымен 14 жасқа дейінгі қыздар сынында жарыс жолына шыққан Майя Үмбетәлиева «Спринт» және «Ұзақ» қашықтықта ел чемпионатының екі мәрте қола жүлдесін иеленді. Ал 18 жастағы ерлер арасында бақ сынаған Ерасыл Серікұлы «Спринт» және «Орта» қашықтықта алдына жан салмай, екі дүркін ел чемпионы атағына қол жеткізді. Осы жарыстан соң Ерасыл Серікұлы спорт шеберіне үміткер атанды.

5

- Бағдарлау спортының мектебі қалыптасқан Янайкин ауылында жаттығатын Ерасыл мен Майяның жетістігі ауданда спорттың бұл түрінің жақсы жолға қойылғанын көрсетеді.

1

Ел біріншілігінде олжа салған спортшыларды дайындап жүрген жаттықтырушы Сергей Щербаньның еңбегін ерекше бағалауымыз керек. Сондай-ақ жастарды жарысқа алып барған Райлан Ерсайынұлына да алғысымыз шексіз, - дейді аудандық жас туристер стансасының педагогі әрі бапкер Нұркен Қасымов.

2

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале