11.10.2023, 12:00
Оқылды: 34

Тартысты сайыс өтті

«Жәнібек» спорт клубында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында көп сайыстан аудандық турнир өтті.

FB_IMG_1697000152413

Жарыста дойбы, тир ату, қол күресі және баскетбол добын торға лақтыру секілді сайыстарда қатысушылар сынға түсті. Ашылу салтанатында аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

FB_IMG_1697000206740

Жарыс қорытындысында дойбыдан Айзада Князева, тир атудан Нұрхан Бисек І орынды иеленді. Сонымен қатар қол қүресінен әйелдер арасында І орыннан Айзада Князева көрінді. Сол сияқты қол күресі ерлер арасында бірінші орын Асылбек Оспановқа бұйырды. Сондай-ақ доп лақтырудан І орынды Нұфтолла Ғаббасов иемденді.

FB_IMG_1697000209938

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен медаль табысталды.

FB_IMG_1697000218322

Турнир барысында ауданымыздың жомарт жандары қатысушыларға дастархан жайып, тәттілер ұсынды.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале