11.10.2023, 11:30
Оқылды: 36

Ерекше жандар фестивальде өнер көрсетті

Жәнібек ауданының мәдениет үйінде «Арман асулары» атты облыстық шығармашылық фестивалі аясында «Жан шуағы» аудандық фестиваль өтті. Фестиваль шымылдығын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова ашып, шараға қатысқан мүмкіндігі шектеулі жандарға сәттілік тіледі.

FB_IMG_1696999839520

Фестивальде Қантым Ғұмарова, Расул Дөсетов, Нұрхан Бисек, Ерқанат Оңайәлиев, Гүлзия Мәмбеталиева, Сұлуғаным Әліпқалиева өнерлерін ортаға салды

. Оларды сүйемелдеу үшін аудан көркемөнерпаздары да әннен шашу шашып, би биледі.

 Аудандық «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Елемесова бірлестік атынан қатысушыларға сый-сияпат табыстады.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале