19.10.2023, 16:45
Оқылды: 33

Ерекше жандар марапатталды

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында ерекше жандарға арналған «Жүректен жүрекке» атты мерекелік іс-шара өтті.

ереше жандар фото 1

 «Мейірбандық күндері» аясында ауданда алғаш өткізіліп отырған «Жүректен жүрекке» іс-шарасының ең басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар азаматтардың көңілін көтеріп, қолтығынан демеп, еңбегін бағалау.

Кеште алғы сөз аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауединге берілді.

«Құрметті кеш қонақтары, баршаңыз да қош келдіңіздер! Бүгінде мемлекет тарапынан қамкөңіл жандарға арнап көптеген жұмыс атқарылып, іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бірақ қазіргі кезде жақсы сөз, ниет жетіспейтін секілді. Менің айтарым, тек айлық аясында емес, жалпы күнделікті өмірімізде де жақсы сөзімізді айтып, жақсы ісімізді көрсетіп, бір-бірімізге тек жақсылық жасағанымыз дұрыс», – деді аудан әкімінің міндетін атқарушы.

Сонымен қатар БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Миргүл Кұрманбаева да өзінің жылы лебізін білдірді.

Шара барысында біраз жанға алғысхат табысталды.

Олардың қатарында 40 жылдық атындағы кеңшарда аға шопанның көмекшісі болған Тілепберген Берденов, теміржол саласының ардагері, облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері Владимир Сұлтанов, электронды техникаларды жөндеудің үздік шебері Салауат Бисенғалиев, жалпы білім беретін С. Жақсығұлов атындағы мектептің бағбаны Айгүл Сәрсенова, Тасқала колледжінің студенті Нұржан Сүлейменов, Қ. Сәтпаев атындағы мектептің үздік оқушысы Жанбота Жасланқызы, аудандағы қоғам белсенді Рысқаным Масалимова, аудандық аурухананың аула сыпырушысы Еркін Бакишев, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы аудандық іс-шаралардың жүлдегері Жолдас Құрташов, белсенді кіші қызметкер Сергей Чупиков, көпбалалы ана Гүлжан Бибалина, аудандық іс-шаралардың белсенді қатысушысы Берхаир Сембиев, Рамазан Жалымбетов, кітапхана саласындағы жетістігі үшін Гүлнара Құзбақова бар.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале