30.12.2021, 16:14
Оқылды: 149

Есеп беру концерті өтті

28 желтоқсан күні Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының жылдық есеп беру концерті өтті.

35

Мәдени қызметкерлердің сазды бағдарламасы Қаратөбе ауылының тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

30

Сахна шымылдығын халықтық «Ауыл әуендері» фольклорлық ансамблі Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйімен ашып, көрермендер ықыласына бөленді.

34

Концерт барысында дәстүрлі әнші Нұршат Исламғалиев Құмардың термесін орындаса, Еркебұлан Олжағали «Қобыланды батыр» жырынан нақышына келтіре үзінді жырлады.

Сазды бағдарламаны жалғастырған «Ақбақай» тобы «Туған ел» әнін шырқаса, Жасұлан Рамазанов «Бір шәугім шай», Мира Байтемірова «Саған сенем», Нұржан Салауатов «Жылдар-ай», Рүстем Ақташев «Найзағай болып» және «Жас қалам» әнін дуэт орындады.

32

Шәмші әндерінен попурри орындаған Байтеміровтер отбасы көрермендердің жанын баураса, жас талант Айзат Сағызбай «Ана», «7 әуен» ВАА сүйемелдеуімен «Жаным қазақ», «Жан сыры», «Жолдар» әні тыңдарманның жүрегіне жол тапты.

28

Сазды бағдарламада «Керім-ай» халықтық би ансамблі «Сақтар», «Моншақтар» билерін биленіп, «Жігіттер» квартеті «Есіңе ал» әнін шырқады.

33

Концертті Таңат Жексенбаев «Қаратөбе – ән мен жырдың Отаны» әнімен қорытындылады. Жоғары деңгейде өткен есеп беру концертінен қаратөбелік көрермендер риза көңілмен тарқасты.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале