1.11.2023, 20:40
Оқылды: 29

Есігін айқара ашқан "Нұрхан" дүкені

Бизнес экономиканың қан тамыры секілді. Кәсіпкерлік саласының өркендеуі халықтың әлеуметтік әлеуетінің артуына ықпал етеді. Казталов ауданындағы кәсіпкерлік саланың кеңінен қанат жайып, өркендеуіне жеке кәсіпкерлердің қосқан үлесі зор.

IMG-20231101-WA0039

Соның бір айғағындай 1 қараша күні аудан орталығында «Нұрхан» жиһаз және тұрмыстық техника дүкенінің филиалы ашылды.

IMG-20231101-WA0042

«Нұрхан» дүкенінің жетекшілері жалпақталдық Нұрлан Асылбекұлы мен Гүлжанат Қайыржанқызы. Жас кәсіпкерлердің бастамасымен ашылып отырған кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына Казталов аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Аманжол Қажығалиев, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Жақсыбаева қатысып, кәсіпкерлердің жаңа ісіне сәттілік тіледі.

- Мемлекетімізде жүзеге асырылып отырған түбегейлі реформалар мен атқарылып отырған қыруар істердің барлығы болашақ үшін жасалып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту басты мақсаттардың бірі екені белгілі. Ауданымыздың гүлденуіне септігін тигізіп отырған ел азаматтарына ризашылығымды білдіремін. Қызметте табысқа жетіп, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Игі бастамаларыңыз ұзағынан болсын! - деді Аманжол Баянғалиұлы.

IMG-20231101-WA0043

Жаңа дүкеннің лентасын аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Нәсіпқалиқызы мен қос кәсіпкердің қолдаушы әкелері Қайыржан Дәулетқалиұлы кесті.

Тұрмыстық техника және жиһаз сатумен айналысатын «Нұрхан» жеке кәсібінің жетекшілері Нұрлан мен Гүлжанат 2012 жылдан бастап отбасылық кәсіптерін қолға алған. Бүгінде 11 жылға жуық ел игілігі үшін қызмет атқарып, аудан аумағындағы 47 елді мекендерді қамтып, сонымен қатар Жәнібек, Бөкей Орда, Ақжайық секілді көршілес аудандар мен Қостанай, Атырау қалалары жұртшылығының зор алғысына бөленіп жүр. Әсіресе, Гүлжанат 2022 жылғы «Жетістікке жеткен Қосөзен арулары» журналының алғашқы айдарына енген, «Жас кәсіпкер», «Жыл үздігі – 2019» аталымының жеңімпазы. Сонымен бірге Гүлжанат «Үздік жас кәсіпкер»,«Жыл үздігі – 2021» аталымының иегері. Жас кәсіпкерлер Казталов ауданының 2022 жылғы «Жомарт жүрек» белгісінің иегері атанып, аудан көлемінде қайырымдылық жасап жүрген көпшілікке үлгілі отбасы.

IMG-20231101-WA0041

Аудан орталығында ашылған «Нұрхан» жиһаз және тұрмыстық техника дүкенінің бағалары облыс орталығымен бірдей және мұнда жеткізу қызметі тегін.​

Жаңа дүкеннің ашылуына келгендер үшін лоторея ойнатылып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі күй сыйлады.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале