17.10.2022, 12:30
Оқылды: 43

Есімі ел аузында қалған

Бөкей ордасы ауданы орталығында ел аузында жақсы аты, шәкірттерінің жүрегінде жарқын бейнесі қалған айтулы азамат, тәлімді ұстаз Меңеш Сабировты еске алу мақсатында шара өтті. Биыл КСРО және Қазақ КСР-ның халық-ағарту ісінің үздігі, "Бөкей ордасы ауданының Құрметті азаматы" Меңеш Сабировтың туғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай марқұмның тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

WhatsApp Image 2022-10-16 at 11.40.57 (1)

WhatsApp Image 2022-10-16 at 11.40.55 (1)
Айтулы шараға қатысушылар Меңеш Сабиров туралы естеліктерімен бөлісті.
Ағамыз 1932 жылы 15 қазан күні Бисен ауылында туған. 1950 жылы М.Горький атындағы Орда орта мектебін "күміс медальмен" бітіреді. Мектеп бітірсімен алғыр бала ағарту жұмыстарына араласқан. 1950-1957 жылдары "Жиекқұм", "Большевик" мектептерінде математика пәнінен мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1957-1963 жылдары Жәнібек ауданы Партияның XIX cъезі атындағы мектебінде директор, 1963-1967 жылдары Орда санаториялық мектеп-интернатында директор, 1967-1972 жылдары Жәнібек аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, 1972-1983 жылдары Орда аудандық кеңесі атқару комитетінің хатшысы, 1983-1992 жылдары халық депутаттары аудандық Советі атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1992-1993 жылдары ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Еңбегі еленген ерен ер түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болған.

WhatsApp Image 2022-10-16 at 11.40.56
Шараға қатысқан аудан әкімі Нұрлыбек Даумов Меңеш ағаның өмірдерегін қайта құрылған ауданымыздың елу жылдық мерейтойымен байланыстырды.
Әулеті атынан сөйлеген ұлы Нұрлан Сабиров уақыт бөліп, шараға келген жерлестеріне ризашылығын білдірді.
Мемориалдық тақтаны аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен еңбек ардагері Болат Лұқпанов ашты.

WhatsApp Image 2022-10-16 at 11.40.54

WhatsApp Image 2022-10-16 at 11.40.57

Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале