25.12.2021, 12:20
Оқылды: 82

Есінде жүр елінің мәдениет майталманы

24 желтоқсан күні Казталов аудандық С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, «Есінде жүр елінің майталманы» атты мәдениет майталманы Жалмұқан Айтмағанбетовты еске алу кеші өтті.

4

Кешке аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қаратөбе, Казталов аудандарының «Құрметті азаматы» Қатимолла Бердіғалиев, мәдениет майталманы, «Гүлдерайым» әжелер ансамблінің жетекшісі болған Зәуреш Базарғалиева және ауданның зиялы қауым өкілдері мен тұрғындары қатысты.

7

Жалмұқан Құмарұлын еске алу кешінде Казталов ауданына белгілі өнер адамдарымен қатар, ағамыздың ұл-қыздары, немерелері өнер көрсетіп, өнер иесінің бейнесін қайта жаңғыртты. Сахнада орындалған оның көзі тірісінде жанды дауыста шырқаған әндері отбасының да, көрерменнің де жүрегін тербеп, өткенге еріксіз сапар шеккізді. Еске алу кешінде Қатимолла Бердіғалиев, Зәуреш Базарғалиева және Жалмұқан Құмарұлының бірге оқыған сыныптастары тәтті естеліктерімен бөлісті. Бостандық ауылында бірге оқыған сыныптастары ағамыздың жастық шағынан сыр шертіп, жары Гүлнавис апамызға мәдениет майталманының өмірінен сыр шертер естелік суреттер табыс етті. Сонымен қатар, бірге мектеп табалдырығын аттаған замандастар ағамыздың ұлы Медет Айтмағамбетовке шапан жауып, ыстық ықыластарын білдірді. Кеш барысында ата жолын қуған немересі Медеу Ермұхан да қолына домбыра алып Абдулхамит Райымбергеновтың «Секіртпесін» орындап көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ағамыздың досы Қэатимолла Бердіғалиев естеліктерімен бөлісіп, өнерге жаны құштар азамат пен жары сүйсініп тыңдайтұғын, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың «Сағыныш» әнін жанды дауыста орындап, көңілге Жалмұқан ағамызға деген сағыныш сезімін сыйлады.

3

Жалмұқан Құмарұлы өзінің еңбек жолында Бостандық орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі, Казталов мәдениет үйінде «Көңілашар» үгіт бригадасында өнер сөрсетіп, Казталов селхозтехника мекемесінде құрылысшы, ХРСУ, Лекер су шаруашылығында, Казталов мәдениет үйінде оператор қызметтерін атқарған. Қызметіне қарамастан өнерге бейім мәдениет жанашыры қоғамдық шараларға да белсене араласты. Оның дауысы Таллин, Мәскеу сынды қалаларда естіліп, Орта Азия халқының ыстық ықыласына бөленді. Ол С.Садықов, Е. Меңдешов, Ш. Малаев, Ғ. Неғметов, Х. Бердіғалиев, Қ. Жақыпов, Е. Кәрім, З. Базарғалиева, С. Бекқожин, Т. Ғаббасов, М. Садықов, А. Жұмағазиев, Т. Имашев, С. Имашев, С. Орынғалиев, Е. Қойшыбековтермен жұмыстас болды.

2

Жалмұқан Құмарұлының еске алу кеші Хатимолла Бердіғалиевтің ықпалымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Өнердің сорпасын ішіп, жілігін шаққан азаматтың отбасы ауданның атқамінер азаматтарына ризашылықтарын білдірді.

"Ауыл айнасы" газеті редакциясы

Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале