8.08.2018, 17:07
Оқылды: 0

Фомин-Қазталов шекара бекеттерін ашу екі елге де тиімді болмақ

Бұл туралы РФ Саратов облысы Александров-Гай муниципальдық ауданының басшысы Сергей Федечкин мен Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбековтың іскерлік кездеусінде айтылды.

казталов (4)

Кездесуде екі ауданның даму қарқыны туралы әңгіме қозғалды. Әсіресе, Фомин-Қазталов шекаралық өткізу бекетінің толыққанды ашылу мүмкіндігі туралы кеңінен айтылды.

- Фомин-Қазталов шекаралық өткізу бекетінің толыққанды іске қосылуы екі ауданға ғана емес екі елдің экономикасына қыруар  пайда келтіреді,- деген Сергей Анатолийұлы Ресей Думасының төрағасы Вячеслав Володиннің алдында аталмыш бекет туралы мәселе көтергенін, бүгінде бұл шаруаны Саратов облысының губернаторы Валерий Радаевтың тікелей бақылауына алынғанын да жеткізді.

Осы жағдайға байланысты Қазталов ауданының әкімі Абат Абайұлы да электр жарығын тартуға және жол жасауға тиісті құжаттар дайындалып жатырғанын тілге тиек етті.

Кездесуден кейін С.Федечкин аудан орталығындағы «Рухани жаңғыру» залын, аудандық музейді аралап, 100 орындық интернат пен жаңадан салынып жатырған саз мектебінде болды.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

казталов (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале