4.05.2024, 20:02
Оқылды: 68

Футзалдан аудандық турнир өтті

Бүгін осыдан үш жыл бұрын дүниеден озған Жарасов Серік Ерниязұлының 1992 жылғы құрдастарының ұйымдастыруымен еске алуға арналған футзалдан ерлер арасында «Құрдастар кубогі» аудандық турнирінің ашылу салтанаты өтті.

3ffe4116-6659-4c89-89c5-f4d807e0dbca

Жарысқа барлығы 12 команда қатысып, өз бақтарын сынап жатыр. Салтанатты жиында марқұмның отбасы мен достары төбе көрсетті. Ашылу салтанаты барысында Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы сөз алып, барша қатысушы командаларға сәттілік тілеп, марқұмның туыстарына жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ әкесі Ернияз Жарасұлы мен досы Шыңғыс Анарбекұлы да аталмыш шараға атсалысқан барша жанға алғыстарын білдірді. Әрі қарай сайысқа қатысушылар реттік сан бойынша жеребе суырып, сәйкесінше ойынды жалғастыратын болады.

bee7b5dd-6fc3-49c5-a8f3-6760dab9c84a

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале