26.01.2023, 12:14
Оқылды: 76

Гапичке арналған байқау мәресіне жетті

Бүгін Сырым аудандық мәдениет үйінде  Ұлы Отан соғысының ардагері, Мәскеу қаласындағы шеруге қатысушы,  прокуратура органдарының ардагері Иван Степанұлы Гапичтің 100 жылдығына орай «Өнегелі ғұмыр» эссе, өлең байқауының марапаттау рәсімі өтті.

IMG_20230125_231407_992

Байқауды Сырым ауданы прокуратурасы мен білім беру бөлімінің ұйымдастырған болатын. Аудан мектептерінің 8-10 сынып оқушылары қашықтықтан өткен сөз додасында бақ сынады.

Аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев сахнаға шығып, өлең шығару байқауының жүлдегерлеріне жүлделерін табыс етті.

Бұл бөлімде бірінші жүлдеге ие болып, жеңімпаз деп танылған Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептің  9-сынып оқушысы Мерхан Маулет  болды. Жүлделі екінші орын Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Замир Махмет, үшінші орын Сырым мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нармина Асқароваға бұйырды.

IMG_20230125_231436_061

Сырым ауданының прокуроры Нартай Байменов құттықтау сөз сөйлеп, Иван Гапичтің соғыстан кейінгі ғұмырын прокуратура органдарына арнағанын,  Қарағанды, Ақмола, Орал облыстарында еңбек етіп,  «Ерен еңбегі үшін», «Қызыл жұлдыз», «Даңқ»  орден-медальдарімен марапатталғанын айтып өтті. Эссе байқауында 1 орынды жеңіп алған  Аралтөбе мектебінің 9-сынып оқушысы Сағынтай Қадим , 2 орынға ие болған Абай орта мектебінің 9-сынып оқушысы  Гүлжанат Рамазан, 3 орын алған Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің  8-сынып оқушысы Нұргүл Ерболды марапаттады.

IMG_20230125_231450_352

Білім беру бөлімінің басшысы Әділ Ахмет байқауға қатысқан  бір топ оқушыларға алғысхат табыстады.

Шара соңында «Атамекен»  әнін Дархан Бисенғалиев орындап,  жүлдегерлер басшылармен естелік суретке түсті.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале