8.05.2023, 11:41
Оқылды: 86

Ғұмар – Азия чемпионы!

Мамыр айының 4 мен 7 күндері аралығында Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында өткен гір спортынан жасөспірімдер мен жастар және ардагерлер арасында Азия чемпионатында жерлесіміз Ғұмар Әжіғалиев чемпион атанды. 

WhatsApp Image 2023-05-08 at 09.37.53

Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Индия, Қазақстан, Ресей мемлекеттерінен барлығы 550-ге жуық мықтылары қатысқан байрақты бәсекеде жерлесіміз +85 келі салмақ дәрежесінде алдына жан салмады.

WhatsApp Image 2023-05-08 at 09.37.52

Ғұмар Әжіғалиев, спортпен он жасынан бері айналысады. Бүгінде сала ардагері ретінде гір тасын көтерудің қыр сырына жас спортшыларды баулиды. Шәкірттері де тек ермек үшін емес, кәсіби тұрғыда дайындалады. Ұстаздары жеткен жетістікті бағындырғысы келеді. Ал Ғұмар Сағидоллаұлы  жетістіктер аз емес. Облыстық жарыстарда алдына жан салмайтын ол ел чемпионатында талай рет топ жарды. 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал, Бішкекте өткен жарысқа жыл бойы дайындалды. Төгілген тер, артылған үміт ақталып, мойнына алтын медаль тақты.

WhatsApp Image 2023-05-08 at 09.37.41

Айта кетейік, Ғұмар Сағидоллаұлы еліміздің Ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Ақсай қаласының №3 ЖОББ мектебінің директоры.

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале