18.01.2023, 15:16
Оқылды: 39

Иман мен спорт – ер көркі

Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылдық округінде ерекше спорттық жарыс өтті. Мешіт жамағаты ауыл мектебінің спорт залындағы ала доп аламанында кездесті.

IMG-20230118-WA0010

"Сырым" деструктивті діндерден жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы мен БҚО грек-рим және еркін күрес федерациясы бұл жарысты жүлде тарату үшін емес, буындар арасындағы бауырмалдықты, бірлікті нығайту үшін ұйымдастырды.

IMG-20230116-WA0010

– Бос уақытты тиімді өткізбей, адам дами алмайды. Иман мен спорт – ер көркі. Осы қасиеттерді насихаттау үшін жарыс жалауын көтердік, - дейді теолог Рауан Рамазан мен​ федерация Президенті Бауыржан Бегайдаров.

Тартыспен өткен жарыс күнінің аяғында мықтылар анықталды.

І орынды студенттер командасы, ІІ орынды мешіт келушілері алды. Ал, ІІІ орын ауыл жастарының құрамасына бұйырды.

Б.Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале