12.05.2020, 16:32
Оқылды: 51

"Індетті аман-есен жеңіп, қиындықты еңсереміз"

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысындағы мәлімдемесінде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, кейбір аймақтарда дерттің таралуына байланысты халықтың денсаулығы үшін ахуал әлі де қауіпті екендігін ескертті.

27766F00-59CB-4ABB-AED0-198AFE847E70

Бүгіннен бастап ашылған көптеген нысандар жаңа ережелерге сай жұмыс жасайтынын, яғни қатаң санитарлық режимнің сақталу керектігін атап өтті.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттырып және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылдады. Енді қалған уақытта карантиндік ережелерді сақтай отырып, осы індетті аман-есен жеңіп, қиындықты еңсереміз деген сенімдемін.

 Зоя Кенжеғалиева,

Бәйтерек ауданы

Достық ауылдық округінің тұрғыны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале