25.03.2020, 14:28
Оқылды: 51

"Індетті жеңетінімізге күмәнім жоқ"

    Елімізде 25 наурыз күнгі дерек бойынша, короновирус жұқтырғандар саны 79 адамға жетіп отыр. Бұл санның күн санап өспесіне кім кепіл?! 16 наурыздан бастап вирусқа байланысты Қазақстан төтенше жағдай режиміне көшкен болатын.

F5460FCF-E73D-4B16-8E02-4237CF4FD139

     - Қазір теледидар қарап отырсаң, елдегі жағдай қорқыныш үйіреді. Вирус жұқтырғандардың саны көбеймесе, азайып жатқан жоқ. Осыған байланысты  еліміз  төтенше жағдай режиміне көшкенін бәріміз білеміз. Студенттер мен мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға әлдеқашан кірісті. Сондықтан да халықтан қазіргі орын алған ахуалға бейжай қарамауын сұраймыз. Көрсетілген сақтық шараларын орындап, үйден маңызды себепсіз шықпауға, денсаулығыңыздан өзгеріс байқаған жағдайда ауруханаға немесе дәрігерге жолығуға шақырамыз. Қазір ауданымызда ауруханалар жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Үй тазалығына көңіл бөліп, гигиенаны сақтаңыз, қолыңызды мұқият жуып, маскаларды жаныңыздан тастамаңыз. Балалардың күтіміне ерекше көңіл аударыңыз. Ел Президенті жақында зейнет жастағы адамдардың вирус жұқтыруға бейім екендігін тағы айтты. Ол адамдарға сыртқа шығуға мүлде кеңес бермеймін. Бұл тұста егде адамдар мен әлеуметтік осал отбасыларға еріктілер қозғалысы арқылы медициналық көмек көрсетіліп, керек жабдықтары, дәрі-дәрмектер, күнделікті тамақтары мен үй тазалығына керекті тауарлар тегін таратылуда деп естіген болатынмын. Мен бұған өте қуаныштымын және барымша қолдаймын. Бүгінде әр адамның денсаулығы маңызды. Еліміз вирустың алдын алуда дұрыс бағытта келе жатыр деп есептеймін. Егер барлығымыз жұмылып сақтық шараларын орындап, денсаулығымызға күтім көрсетсек, бұл індетті жеңетінімізге күмәнім жоқ.

Любовь Шмарина

 Переметный ауылының тұрғыны

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале