18.09.2018, 12:15
Оқылды: 72

«Интернатпен қамтамасыз етілген баланы мектепке тасымауға құқымыз бар»

Зеленов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

ortalyk zelenov brifing (2)

Зеленов ауданының орталығына жақын орналасқан Полевное ауылының 7-8 оқушысы Переметный ауылындағы мектептерге қатынап оқиды. Бұл мәселені ата-аналар көтерген болатын. Осы жөнінде тілшілер сұрақ қойды.

- Полевное елді мекенінен 8 бала Переметный ауылындағы қазақ және орыс мектептеріне қатынап оқиды. Аудан орталығында үш мектеп бар. Соның бірі Камен жалпы орта білім беретін мектебі. Оның жанында 30 орынға арналған интернат орналасқан. Біз ата-аналарға балаларын сол интернатқа жатқызып оқуға ұсыныс бердік. Алайда олар бұл ұсынысты қабылдамай, балаларын сабаққа көлікпен әкеліп, кері әкетіп жүр. Жалпы, заң тұрғысынан алғанда, жергілікті атқару органдары, яки аудандық білім беру бөлімі, әкімдік елді мекенде мектеп болмаған жағдайда және ол елді мекен үш шақырымнан алыс тұрған жағдайда не баланы тасиды, не интернатпен қамтамасыз етеді. Біз интернатпен қамтамасыз еткеннен кейін баланы тасымауға құқымыз бар. Бірақ Элеватор бағытынан келетін балалармен бірге тасуға қосымша бензин бөлінді. Қазір сонымен қатынап жүр,- деді Серік Сафиуллин.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале