5.02.2020, 17:44
Оқылды: 116

Инвестициялық жобалар таныстырылды

«IT Group» ЖШС атқарушы директоры Мұхтар Дәулетжанов Сырым ауданында жүзеге асатын инвестициялық жобаларды таныстырды.

syrym (8)

Сырым ауданында 2019 жылы 801,4 млн теңгені құрайтын 11 жоба  жүзе асты. 2020 жылы 210 млн. теңгенің 6 инвестициялық жобасы аяқталады деп жоспарлануда. Оның 85 млн. теңгесі «Аграрлық несиелік корпорация», 50 млн. теңгесі «Бизнестің жол картасы», 20 млн. теңгесі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан, 55 млн. теңге кәсіпкерлердің қаражатынан жұмсалады.

Бұдан бөлек биыл 525 млн. теңгеге 4 жобаны жүзеге асыру басталады.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаевқа аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов Сырым ауданындағы кәсіркерлік жобаларды таныстырды.

Серік Егізбаев Сырым ауданында сервистік қызметтің артып келе жатқанына оң баға берді. Өңір басшысының орынбарасы Сырым ауданында өндіріс орындарын көбірек ашу қажеттігі жөнінде ұсыныс айтты.

ақпарат Сырым ауданынан

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале