3.10.2020, 3:09
Оқылды: 207

Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?..» реквиемі сахналанды ⠀

«Бәйтерек таланттары» жастар театры халықтық «Шежіре» фольклорлық ұлт-аспаптар ансамблімен бірлесе белгілі ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?..» атты реквиемінен үзінді сахналады.

AE71B2B3-C264-430D-8733-6A3C6E9BD224

Қойылымды тамашалауға аудан әкімі Марат Тоқжанов пен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов келді.

Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына және театрдың бір жылдығына орай көпшілік назарына ұсынылған қойылымның режиссері — жас талант Әліби Жанабілов. Абай рөлін Кенесары Болғанбаев сомдаса, Құнанбай образын Зейнұр Сақтай сахнаға алып шықты.

EE0EFF1D-FEEB-4CD3-9996-3AF2A1289B15

Бұдан бөлек Оразбайды Дамир Қайырлиев, Көкбайды Бекзат Васихан, Ақылбайды Айбатыр Бекболат, Нұрғанымды Арайлым Нарымбетова, Әйгерім рөлін Бекайым Әубакірова сияқты жас актерлар сомдады.

Әке мен бала арасындағы тартысты шебер көрсете білген актерлар театрға келген ағайынды Абай заманын басынан кешкендей әсер қалдырды. Көпшілік халқы үшін күңіреніп, қасірет шеккен бабамыздың күйін кешкендей болды.

C5E8B05B-B0A4-4C3F-B545-57334D177024

⠀-Аудан жастарының осынау тамаша қойылым ұсынғанына ризашылығым шексіз. Ұлты үшін у ішуге дайын болған ұлы ақынымыздың бейнесін ашып, көрерменге тамаша қойылым ұсынған жастар театрына рахметтен басқа айтарым жоқ.

Абай бейнесін сомдау туралы шешім қабылдап, оны көпшікке ұсыну жас режиссеріміздің батылдығы болса, актерларымыздың шеберлігін көрсетер сын. Ал көрермен үшін мұндай қойылым көру — олжа,- деді аудан басшысы Марат Тоқжанов.

46D966B3-E04E-462B-B59E-8FAA4726ACE3

Кейін Марат Лұқпанұлы жастар театрына алғысхат пен ықылас гүлін тарту етті.

Ауданда алғаш қойылған тамаша драманы көруге арнайы келген облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов «Бәйтерек таланттары» театры былтыр құрылса да, осы кезге дейін өзінің тамаша қойылымдарымен көпшілік көңілінен шыға білген, болашағы бар ұжым екенін айтып, жас режисер Ә.Жанабіловке алғысхат ұсынды.

32158021-ADC4-42C8-80FD-D49A7E1AAA91

Сондай-ақ С.Дүйсенов аудан басшысы М.Тоқжановқа ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай шығарылған арнайы энциклопедияны тарту етті.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале