7.09.2020, 16:22
Оқылды: 104

Іздеу тобы іске кірісті

Жұма күні Бөкей ордасы ауданында орталық саябақта ерекше шара өтті.

D58337E5-9E56-4BEE-83B7-DD61B8A00899

Ауданымызға Нұр-Сұлтан қаласынан «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова, Сергей Лапшин бастаған М.Мәметова атындағы іздеу тобының мүшелері келді.

Аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов қонақтарды қош алып, аудан жұртшылығы атынан алғысын білдірді.

- Ізгі миссиямен елге келген сапарларыңызға сәттілік тілеймін. Соңғы солдат жерленген күні соғыс бітеді деп атақты Суворов айтпақшы, Ұлы Отан соғысының құрбан саны да көп, бізге беймәлім беті де көп. Көршілес Жәнібек пен біздің ауданда да соғыстан қалған із көп, мәртебесі танылмаған қаһарман ауданбыз. Сіздің жұмыстарыңыздың нәтижесі осы мәселелердің оңтайлы шешілуіне әсер етері сөзсіз,- деді.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова қош алып жатқан аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

2B5006C3-3C02-4ED0-987C-53D4FED8E570

М.Мәметова атындағы іздеу тобының жетекшісі  Сергей Лапшин:

- Іздеу тобы бастапқыда Ресей аумағынан басталған еді. Мурманскіден басталған сапар өткен жылы Сайқында жалғасты. Нәтижесіз болған жоқ. Теңіз жаяу әскерінің 17 жауынгерінің сүйегі табылған еді. Бұл туралы басылымда, әлеуметтік желілерде жазылды. 1941-1945 жылдары Отан қорғаймын деп, майдан даласынан оралмай қалған аталарын іздеушілер көп. Сайқыннан топырағы бұйырған жауынгерлердің ұрпақтары сонау Украинадан хабарласып, Бөкей даласының бір уыс топырағын жеткізіп беруімізді өтінді. Бұл жерде жұмыс көп. Жұмыс тіпті бізден артылып, біздің балаларымыздың еншісіне қалады,- деді өз сөзінде.

Аудандық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Иманбай Машотов аудан халқы атынан сөз алып, іздеу тобының жұмысына сәттілік тіледі. Бұдан соң жиналған қауым «Қаһарман аудан» белгісіне, қару аманаты ескерткішіне гүлшоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале