24.04.2023, 23:25
Оқылды: 167

Jaidarman battle

Өткен жұма күні аудандық мәдени-демалыс орталығында «Болашағын бүгіннен бастаған» атты ауданымыздың көңілді жастары бас қосқан керемет шара өтті. «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы – бүгiнде жастар арасында қарқынды дамып келеді. Сахна мәдениетi мен шеберлiгi, ән мен би, сөйлеу мәнерi, ой ұшқырлығы, мимика (ымдау) сияқты өнер атаулының түрлi жанрларын қамтитын әзіл-қалжыңы ұштасқан шығармашыл жастардың шеберлiктерiн жетiлдiре түскенін көрсетедi.

WhatsApp Image 2023-04-24 at 21.23.20

Бұл жастардың дұрыс қоғамдық пiкiр қалыптастырып, заманмен қатар даму арқылы өмiрде өз орнын дұрыс таба бiлуге баулиды. Сайысқа алты команда бақ сынады. Ауданымыздан «Амангелді», «Айнабұлақ», «Жұдырық» құрамалары қатысса, Сырым ауданынан «Көздіқара қыздары», «Көгөріс» және «Жеті қарақшы» командалары өз өнерлерін паш етіп, көрерменнің алғысына бөленді. Алты команда арасынан сырымдық «Жеті қарақшы», тасқалалық «Айнабұлақ» және «Жұдырық» командалары жеңіске жетті.

WhatsApp Image 2023-04-24 at 21.23.22

-Тасқала жастары ұйымдастырған жайдарман батл фестивалінде төрелік қызметімді атқарып әділқазы ретінде де, әрі көрермен болып жақсы кештің куәсі болдым. Бұл байқауда жастардың бойындағы өнерге, әзілге деген жақсы қасиеттерін көрсетуге арналған игі шара болды. Қатысушылар мен олардың жетекшілері жақсы деңгейде дайындалып, көрерменге керемет көңіл–күй сыйлады. Әрбір қатысушының қабілеттерін аша білген аталмыш сайыста сырымнан келген жайдарманшыларға өте жақсы деген баға берілді. Өзіміздің жерлестерімізде олардан қалыспайтындай өнер көрсетіп көрерменнің қошеметіне бөленді. Жастарымыздың өнердің биігінен көрініп әлі де талай додаларда топ жарады деген сенім білдіреміз», - дейді аудандық балалар музыка  мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұркелді Беркінбаев.

WhatsApp Image 2023-04-24 at 21.23.23

Шара соныңда Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Сәкен Нұркенұлы Тасқала жұртшылығы мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Аудандық жастар ресурстық орталығынының басшысына алғыс хатын табыс етті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге марапат табысталды.

 

 Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz  

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале