5.01.2021, 18:41
Оқылды: 118

Қадыр ақынға арналды

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің туған күніне орай Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев өлең сүйер қауымды құттықтап, аудан орталығындағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақын атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде танымдық кеш өтті.

IMG_0032

Танымдық кеште ардагер ұстаздар Ким Федянин, Гүлбақша Ерғалиевалар өздері басшылық еткен жылдардағы естеліктермен бөлісіп, аймақтық, республикалық «Қадыр оқулары» байқауларының жеңімпаздары Б.Орынбасар, А.Шаужановалар ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыса, аймақтық тәлімгерлер мен оқушылар және жастар айтысының ІІІ орын иегері Нұрым Амангелді «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін домбырамен әуелетіп, құлақ құрышын қандырды.

IMG_0046

Шара соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Махат Уралов барша қонақтарға алғысын білдірді.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале