8.10.2020, 15:15
Оқылды: 106

Қадыр елінен – Жұбан еліне

Бүгін Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толуына, "Тарлан" сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, жерлес ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай аудандық жас туристер станциясының директоры Бейбіт Батыршин бастаған бір топ веложорықшылар туристік-өлкетану веложорығын бастады.

Velojoryk (5)

Мақсат –  Жұбан мен Қадырдың елін, Жымпиты мен Өлеңті (Ақжайық ауданы) ауылдарына алтын көпір орнатып, қос ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Velojoryk (7)

Одан бөлек, Өлеңті, Сайқұдық мектептеріне барып, аузы дуалы үлкендерден өлке тарихына қатысты мәліметтер жинау да жоспарда.

Веложорықшыларға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, ардагер спортшы Ғилаж Қаналиев сәт сапар тілесе, балалар кітапханасының оқырмандары Әлижан мен Равиль өлең жолдарын тебірене оқыды.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале