18.10.2023, 15:44
Оқылды: 40

Қайырымдылық айлығы аясында жарыс ұйымдастырылды

Бүгін Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «JASTAR» спорт кешенінде қайырымдылық айлығы аясында мүгедектігі бар жандар арасында спорттық шара өтті.

66efc638-d6f4-4d9c-a812-ffa7964b293d

Мұндағы мақсат, мүгедектігі бар адамдардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, ерекше жандардың өнерін кеңге насихаттау болатын. Аталмыш жарысқа аудан бойынша 20 адам қатысып, спорттың үстел теннисі, қол күресі түрлері мен эстафета ойындары бойынша сынға түсті. Жарыс жекелей және командалық түрде өтті.

7ef4da4e-1bc5-4139-93a1-cdf2b898e226

Спорттық шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақерке Сансызбаева және аудандық ерікті мүгедектер қоғамының төрайымы Халила Нұрсұлтанова қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушыға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен додада жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен естелік  сыйлықтар табыс етілді.

Шара аяқталған соң мүгедектігі бар жандарға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық ерікті мүгедектер қоғамының қолдауымен «Сары-Арқа» кафесінде түскі ас берілді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале