5.11.2021, 16:45
Оқылды: 53

Қайырымдылық-асыл қасиет

Қай кезде де қазақ өз айналасына қамқор болып, қолғабыс болған. Осы мақсатта ауылымызда игі іс ұйымдастырылды. Қайырымдылық айы төңірегінде ауылымыздағы көпбалалы отбасынан шыққан бір топ ауыл балалары Орал қаласындағы тарихи өлкетану музейінде болып қайтты.

Қайырымдылық-асыл қасиет (2)

Экскурсия барысында балалар музейдегі тарихи жәдігерлермен, өлкеміздің тарихымен кеңінен танысты.  Кейін балалардың көңілін аулау және жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында Орал қаласы орталағында орналасқан "Cinema park"  кинотеатрында мультфильм тамашалады. Фильмнен кейін балалар өз ришалықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізіп жатты. Өзімде қайырымды іске қолғабыс білдірген Амангелді ауылы әкім аппаратына, ауылымыздың мәрт азаттарына шын көңілден ризамын! "Көңіл көңілден су ішеді"  демекші, балаларға сәл де ықылас білдірген азаматтарға қалай риза болмайсың?!

Аман Байғали,

Тасқала ауданы

Амангелді ауылдық округі

жастармен жұмыс жөніндегі маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале