29.03.2024, 17:30
Оқылды: 64

Кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Шыңғырлау ауданы әкімдігі жанындағы кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

669ee48d-746a-4576-aee3-3f40ba1f94c4

Оған аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев төрағалық етіп, комиссия БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Д.Искакова қатысты.

Комиссия алдында бірнеше мекеме, ұйым басшыларының атқарған есептері тыңдалып және алдағы күнгі жұмыс-міндеттері белгіленді.

Күн тәртібіне қойылған өзекті мәселе-кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қолсұғушылықты болдырмау, ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы кеңінен айтылып, талқыланды. Осы бағытта атқарылған шаралар жайында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қ.Есенов, аурухана басшысы Қ.Жазықбаев баяндап берді.

Олардың айтуынша есептік уақыт аралығында жасөспірімдер арасында бұндай оқиға болмаған. Десек те жан-жақты түсіндіру жұмысы, психологиялық тренингтер, кездесулер, семинарлар көп және тұрақты түрде өткізілп келеді. Сонымен қатар қажет болған жағдайда мектептің әлеуметтік педагогтары, мектеп психологтары үйлерге барып, балаларды бақылап, рейдтерге шығып тұрған, оқушылар арасында сауалнамалар жүргізілген.

Осы отырыста Шыңғырлау, Ақшат ауылдық округтері бойынша қолайсыз отбасындағы балалармен атқарылған жұмысын айтқан Ақшат ауылдық округінің әкімі Е.Айшуақовтың, тәуекел тобындағы, қолайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан және балаларды оңалту шаралар туралы Л.Қылышев атындағы мектеп директоры Г.Бисенғалиеваның, Жаңатұрмыс мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы А.Шунаеваның есептері талқыланды.

Ал жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жөнінде аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторы М.Усманғалиева, Ақшат ауылдық округінің полиция инспекторы Б.Елесбаев есеп берді.

Комиссия жұмысын қорытындылай келе, комиссия төрағасы А.Бисембаев, қиын отбасылардағы балалар назардан тыс қалмауын қадағалау қажеттігін тағы ескертті. Оған қоса екінші рет отбасын құрғандар немесе азаматтық некедегі жанұяларда тәрбиеленуші жасөспірімдерді назарда ұстау керектігін, қиын отбасы жағдайындағы балалар біздің тарапымыздан қолдау алатындай жұмыс жасау қажеттілігін айтты.

Айсұлу Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале