31.01.2022, 10:50
Оқылды: 44

«Камри» «Қарагерде» кеткен есесін қайтара ала ма?!

 Сырым ауданы кейінгі уақытта балалар бәйгесінің орталығына айналғандай. Қарына қамшы іліп, тайын тебінген атқұмар жеткіншектер жарыс жасап, іргені қайта-қайта дүбірлетіп, ішінде желі бар адамдарды еріксіз атшабарға жинап жүр.
1242E0B0-6902-4D36-81D6-86602E47CE9F

Кешегі аптада тай жарысынан Жымпиты ауылының ашық біріншілігінің екінші аптасы қорытындыланды. «Қоянға қосқан тазыдай, бүктетіліп жазылған» 23 жүйріктің жарысы неге қызық болмасын. Солардың арасынан аралтөбелік Тілепберген Бейбарыс мінген «Айжұлдыз» бірінші келді. Артур Алидің «Красавицасы» мен Хайыр Досымның «Қарагеріне» кейінгі орындар бұйырды. Ал, өлеңтілік Әлтен Бекзат тақымдаған «Камри» үштікті қуып жете бергенде, жарыс аяқталып қалғанын-ай. Бекзаттың тайы осыған дейін жеңістің дәмін татқан. «Камри» «Қарагерде» кеткен есесін қайтара ала ма? Оны келесі апта көрсетеді.

D943B272-B1DB-4D8E-8CAC-120E72BD6493 Айтпақшы, осы күні Бұлдыртыда да тайлар аламаны өтті. Ол жақта 11 тай бәйге қылған.  

Жымпитыдағы «Қайсар» спорт клубы ұйымдастырған жарысқа Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов қатысты.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Суреттер «Қайсар» спорт клубының парақшасынан алынды

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале