24.05.2024, 12:45
Оқылды: 75

Қамыстының әкімі сайланады

2021 жылдың шілде айынан бастап ауыл басшыларын халық тікелей сайлап келеді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1- тармағына сәйкес және Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 24 сәуірдегі №7 шешімі негізінде 2 маусымда Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалған болатын. Сайлауға қатысуға үш үміткер, атап айтсақ, Нұрлан Аюпов, Бекжан Неғметов және Индира Өтегенова өз кандидатураларын ұсынды.

436353078_1015469687249372_3815790162469577906_n

          Осыған орай бүгін Қамысты ауылдық мәдениет үйінде кандидаттардың бағдарламасын талқылау, біліктіліктерін халық алдында көрсетіп, таныту мақсатында сайлауалды пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа жергілікті қауымдастық, қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

441523043_1015469733916034_5452609347162092253_n

          Айта кету керек, пікірсайыс Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының Facebook парақшасында тікелей эфирден көрсетілді.

444490133_1015469817249359_5638676238471590672_n

          Жарыссөз үш кезеңнен тұрды. Ең алдымен жеребе арқылы сөйлеу кезегі анықталды. Бірінші кезеңде үміткерлер өз өмірбаянымен қоса еңбек жолын және сайлауалды бағдарламаларымен таныстырса, екінші кезеңде кандидаттар бір-бірімен сұрақ-жауап алмасты. Ал соңғы кезеңде ауылды көркейтуге ниет білдірушілерге тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарын жолдады. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, ауыл басшысын сайлауға бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Пікірсайыс қызу әрі шынайы өтті. Үш үміткер де сұрақтарға нақты жауап беруге тырысып бақты. Әкімдікке тағайындалған жағдайда түйткілді мәселелердің шешімін табуға уәделерін берді.

          Соңында үміткерлер сайлаушыларды өздеріне дауыс беруге шақырып, үндеулерін жолдады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале