19.12.2023, 17:00
Оқылды: 29

Қарағайға ауыз су жетті

Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округінің Қарағай елді мекеніне таза ауыз су жетті.

410881016_17861254086063851_4601436309671795088_n

Осы игі іске орай ауыл халқының қуанышына ортақтасуға аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Айбек Замеров арнайы келді.

Шағын ғана ауылды 58 тұрғын мекен етеді. Сондықтан мұнда кешенді блок-модуль орнату әу бастан көзделген. Қарашаның бел ортасында басталған жұмысты аудандық бюджеттен бөлінген 15 миллион 568  мың теңгеге мердігер «DIER company» ЖШС атқарып шықты.

410885722_17861254095063851_4577798396299875401_n

– Блок-кешен суды айдайтын, тазартатын барлық құрылғымен толық қамтылған. Сағатына 500 литр су шығаруға қауқарлы. Нысанның айналасы жарықтандырылып, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалды, – дейді Айбек Замеров.

410159189_17861254065063851_2592567109536014866_n

Ауданда қазіргі таңда халықтың санымен шаққанда таза ауыз сумен қамту көрсеткіші – 96,8%. Биылғы тамызда Жолап ауылына кешенді блок-модуль орнатылса, Тінәлі ауылында ауыз су жүйесінің құрылысы келесі жылы аяқталады. 74 ауласы бар Үштөбе ауылына таза ауыз су жүйесін Дөңгелек су қоймасынан немесе басқа да көздерден тарту қарастырылып отыр. Ал Қабыл ауылына таза ауыз су жүргізу үшін әзірленген жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өткізіліп, бюджеттік өтінім жолданды. Халық саны 200-ден төмен Тоған ауылына келесі жылы кешенді блок-модуль орнатылмақ. Осы көзделген жұмыстардың бәрі сәтті жүзеге асса, ауданда ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

410968456_17861254113063851_4704767609368327581_n

Ә.Серікқызы,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале