Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарағаш ауылдық округі әкімінің аппараты мен орман шаруашылығы бөлімінің ұжымы бірлесіп, Сарқырама көлінің аумағында сенбілік ұйымдастырды.

Табиғаты көркем, демалушылар жиі келетін көл маңын қоқыстан тазарту шарасына ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысты. Сондай-ақ жергілікті шаруа қожалықтары да арнайы техникаларын бөліп, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Ұйымдастырушылар табиғатты таза ұстау әрбір азаматтың парызы екенін айтып, демалыс орындарына келушілерді қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және өзінен кейін қоқыс қалдырмауды әдетке айналдыруға шақырды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Светлана Ешмат,
Шыңғырлау ауданы