5.08.2021, 10:57
Оқылды: 29

Карантин талаптары сақталуы керек

Бір жылдан астам уақыт елді әбігерге салған індет беті қайтар емес. Бәйтерек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары карантин режимін қатаң сақтау керек екенін қанша ескертсе де қауіпсіздік шараларына мойынсұнбай жүргендер азаймай отыр. 

baiterek (1)

Жуырда  Январцев  ауылдық округінің әкімдігі жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері ауылдағы адам көп шоғырланатын орындар мен дүкендерді аралап рейд жүргізді.

Шара барысында топ мүшелері әлі де ауру беті қайтпағандығын ескертіп, тұтынушылар мен сатушыларға карантин талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертті.

Бұндай рейдтік шаралар ауданның барлық округтерінде жүріп жатыр.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале